Мариуполь қаласындағы жертөледен 200 адамның мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мариуполь қаласындағы жертөледен 200 адамның мәйіті табылды

25.05.2022

Мариуполь қаласындағы қираған үйлердің бірінің жертөлесінен 200 адамның мәйіті табылды. Мұны Украина үкіметі мәлімдеп отыр. Айта кетсек, бұл қала үшін шайқас үш айға жуық жалғасты. Ал Ресей әскери авиациясы бомбалау операциясын жүргізгенде Мариуполь аумағының 90 пайыздан астамының тас-талқаны шыққан. Алайда Ресей армиясы Украинада бейбіт халық пен азаматтық нысандарды көздемегенін және тек қару-жарақ қоймалары мен өзге де әскери инфрақұрылымдарға соққы беріп жатқанын мәлімдеп келеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу