Непалдағы ұшақ апаты: Марқұмдардың бірі Қазақстанда тұрған
Непалда ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында соңғы кездері Қазақстанда тұрып келген Ресей азаматы Елена Бандуро болған. Марқұм саяхатшы, блогер әрі СММ маманы болып істеген. Трагедиядан бұрын ол туыстарына өзінің жүкті екенін айтқан. Ал Непалға күйеуіне бара жатыпты. Апаттан қаза тапқан 70 адамның мәйіті табылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалған екі адамның денесін іздеу кейінге қалдырылған. Әуе кемесі бортында барлығы 72 адам болды. Олардың төртеуі - экипаж мүшесі. Ел астанасы Катмандудан Покхара қаласына бағыт алған жолаушылар лайнері жексенбіде апатқа ұшырады. Ұшақ халықаралық әуежайға қонарда құлаған. Оның қара жәшіктері табылды. Апаттың себебі анықталып жатыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09