Бучада 403 адамның мәйіті табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бучада 403 адамның мәйіті табылды

13.04.2022

АҚШ президенті Джо Байден алғаш рет Ресейді геноцид үшін айыптады. Бұған дейін Кремль басшысын әскери қылмыскер деп атаған. «Геноцидке берілгені күн өткен сайын айқындалып, дәлел көбейіп келеді», - дейді Айоваға сапарында Ақ үй басшысы. Сонымен қатар, Байден әкімшілігі таяу күндері Украинаға тағы 750 миллион доллардың қаруын жөнелтетінін жарияламақ.

Киев маңындағы Буча қаласының мэрі Анатолий Федорчуктың мәлімдеуінше, 403 адамның мәйіті табылған. Оларды ресейлік жауынгерлер қырғынға ұшыратты деген дерек бар. Тағы 16 тұрғын жоғалып кеткен.

Ресей президенті Владимир Путин Буча оқиғасын «жалған» деп атады. Және де оның айтуынша, Киев Мәскеуді әскери қылмыс үшін кінәлағандықтан, Украинамен арадағы келіссөздер тығырыққа тіреліп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу