Жоғалып кеткен адамның мәйіті табылды
Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінің жоғалып кеткен қызметкері Қуандық Әбукеновтың мәйіті кеше Жаңатілес ауылынан 18 шақырым жерден табылды. Бұл туралы Баянауыл аудандық Ішкі істер департаментінен хабарланды.
20 қаңтар күні Ұлттық парктің ғылым, туризм және ағарту бөлімінің бастығы Қ. Әбукенов Мұрынтал учаскесінде жоспарлы жұмысын атқарып жүреді. Сол күні ол Жаңатілекте қонуға сағат түнгі 3:00-те шығып кеткен. Бірақ діттеген жеріне жетпеген.
Іздестіруге Баянауыл тұрғындары мен туыстарынан бөлек, ТЖМ-ның «Қазәуеқұтқару» мекемесiнiң Ми-171 тiкұшағы, 32 адам, 8 техника тартылды. Оның киiмiнен жеке құжаттары табылды. Парк қызметкерлерi мәйiттiң тұлғасын анықтады. Оның өлiмiне не себеп болғаны сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрық портының әлеуеті артып келеді
09.06.2026, 20:16
Балалар арасында танымал бабл-ти сусынының зияны қандай?
09.06.2026, 20:15
Жол-көлік апатынан 5 жаяу жүргінші зардап шекті
09.06.2026, 20:12
Филиппинде зілзаладан кейін 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетті
09.06.2026, 20:11
Шетелден келетін туристер саны 4 миллионға жетуі мүмкін
09.06.2026, 20:09
Сарапшы: Шекті соманың өсуі – болашақ зейнетақының кепілі
09.06.2026, 20:08
Есірткі жарнамасына қарсы күрес күшейді
09.06.2026, 20:07
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 20:06