Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

13.10.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде ұсынады. WBO тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Германияның былғары қолғап шебері Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жекке шығады. Кездесу 14 қазан күні АҚШ-тың Розенберг қаласында өтеді. Бокс кеші жергілікті уақытпен 15 қазан күні таңертең «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы мен qazaqstan.tv және qazsporttv.kz сайтынан онлайн көре аласыздар

Дархан Рақымжан

Хабарламаларға жазылу