Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысты

23.05.2018

Бокстан Әлем және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанбақшы. Осылайша, былғары қолғап шебері кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысты.

БАҚ өкілдері алдында ашық жаттығу өткізген спортшы алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, 2017 жылы үздік менеджер атанған Эгис Климаспен келісімшартқа отырған. Сондай-ақ, бірнеше промоутерлік компаниядан түрлі ұсыныстар түскен. Ең қызығы, ол қазіргі бокс әлемінде орта салмақтағы ең мықтылар бақ сынайтын 72 келі бойынша қолғап түйістірмек. Айта кетейік, бұл салмақта жерлесіміз Геннадий Головкин, мексикалық Сауль Алварес сияқты азулы спортшылар бар. 

Жәнібек Әлімханұлы, Әлем чемпионы:

- Үлкен жоспармен кетіп бара жатырмыз. Қазір Эгис Климаспен бірге жұмыс істейін деп отырмыз. Ал, промоутерлер жағын қарастырып жатырмыз. Өйткені, үлкен ұсыныстар түсіп жатыр.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу