Елімізде әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты арнайы жұмыс тобы құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты арнайы жұмыс тобы құрылды

20.05.2022

Елімізде әйелдердің зейнет жасын төмендетуге қатысты арнайы жұмыс тобы құрылып, тиісті есептеулер жүргізіліп жатыр. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осы мәселеге байланысты талқылаудың қалай жүріп жатқанын айтып берді. Тамара Дүйсенова бұған дейін бір топ белсенді әйелмен кездесіп, зейнет жасын төмендету жайын талқылаған еді. Онда нәзік жандылардың құрметті демалысқа шығу жасын 55-ке немесе 58-ге дейін төмендету ұсынылған. Әрі зиянды және ауыр жұмыс істейтіндер мен мүгедек бала асырып отырған аналарда көмек сұраған еді. Министрдің айтуынша жан-жақтан түрлі ұсыныстар көп.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Қазір арнайы жұмыс тобы бұл бағытта еңбек етіп, тиісті есеп-қисапты жүргізіп жатыр. Кез келген әлеуметтік қолдауға қосымша ақша керек. Оны бәріміз жақсы білеміз. Қазір үзіліс алып, бәрін есептеп шығуға келістік. Кейін нақты қай ұсыныстың тиімді болатынын білеміз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу