Зейнеткерлік: Биыл әйелдер 60,5 жаста зейнетке шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнеткерлік: Биыл әйелдер 60,5 жаста зейнетке шығады

18.04.2022

Елімізде әйелдердің зейнет жасын төмендету ұсынылды. "Қазақстан халық партиясының" парламенттік фракциясы ел Конститутциясына түзетулер енгізу бойынша осындай ұсыныстарын енгізді. Онда әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге дейін төмендету қажеттігі жайлы жазылған. Сондай-ақ, зейнетақы мен жәрдемақыларды және стипендияны қазіргі инфляцияға сай индекстеуді ұсынған. Өйткені былтырдан бері оның көлі 3,6 пайызға өскен. Еске салайын, биыл әйелдер 60 жарым жасында зейнетке шығады. 2018 жылдан бері ол алты айға көтеріліп келеді. Сөйтіп нәзік жандылар 2027 жылдан бастап ерлер секілді құрметті демалысқа 63 жаста шықпақ.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу