Депутат әйелдердің зейнет жасын қысқарту туралы ұсыныс айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат әйелдердің зейнет жасын қысқарту туралы ұсыныс айтты

11.01.2023

Бала туған әйелдердің зейнет жасын қысқарту керек. Осындай ұсыныс айтқан депутат Аманжан Жамалов дүниеге әкелген әр баласы үшін әйелдің зейнетке шығу жасын 2 жылға азайту керек деп санайды. Дегенмен қысқартылатын жыл 10-нан аспауы тиіс. Сонда депутат бала туған әйел зейнет демалысына 6 жыл бұрын шығатынын айтады. Ал зейнет жасы 63-ке көтерілгеннен кейін олардың 57 жаста зейнеткер атануға мүмкіндігі болатынын жеткізді. Тек мұндай құқық әділ түрде ұсынылуы керек, дейді.

Аманжан Жамалов Қазақстанда соңғы үш жылда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 1,5 жылға қысқарғаны туралы дерек айтты.


Хабарламаларға жазылу