Конституциялық реформа еліміздің түбегейлі саяси моделін өзгертпек. Ал, жалпыхалықтық референдум – жаңа кезеңнің бастамасы. Еліміздің болашағы үшін дұрыс таңдау жасау әр азаматтың міндеті. Сарапшылардың айтуынша, Конституция өзгертілген жағдайда 20-дан астам заңға толықтырулар енгізу қажет болады.
Бұл туралы Алматыда өткен «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан» атты саясаттанушылардың Х конгресінде айтылды. Жиынға қатысқан мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің айтуынша, оқиғалар мен құбылыстарға сапалы сараптама жасау үшін оның сан алуан себебін ескере отырып, жан-жақты зерттеу керек. Сонымен қатар, сарапшылардың талқылаулары мен пікір алмасуларын ұйымдастырған жөн. Бұл тұрғыдан алғанда саясаттанушылар конгресінің маңызы зор. Мемлекеттік хатшының пікірінше, конституциялық реформалардың нәтижесінде суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға көшуге, бірқатар билік өкілеттіліктерін қайта бөлуге, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуге болады. Соның нәтижесінде елді басқару ісіне халықтың араласуын арттыруға, азаматтардың Ата заңмен белгіленген құқықтарының механизмін жетілдіруге қол жеткіземіз. Форум жұмысына белгілі сарапшылар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, тарихшылар мен гуманитарлық саланың өзге де өкілдері қатысты
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Жалпы алғанда жоғарыда айтып өткендей конституциялық реформа, содан соң саяси жаңғыртудың бағдарламасын іске асыру бұл үлкен үдерістің Жаңа Қазақстанды құрудың бір бөлігі ғана. Аталған тұжырымда президенттің 11 қаңтарда сөйлеген сөзінен бастау алды. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылыққа «Жаңа Қазақстанда бірге құрайық», - деп ұсыныс тастаған болатын. Жаңа Қазақстан ұғымы сол кезде ақпарат алаңдарында жылдам тарап қоғамның қызу қолдауына ие болды. Осының өзі қоғамның өзгерістерге деген талап тілегін анық көруге болады.
Саясат Нұрбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бірінші Конституциялық реформаның тармақтарын Конституция өзгергеннен кейін қалай енгізіміз керек? Қалай жүзеге асуымыз керек? Екіншісі Жаңа Қазақстан Екінші Республика моделі қалай толуы керек. Көп адамдар жалған түсінік пайда болды. Біз қазір Крнстит өзгереді бір сәтте өзгереді. Біз көзімізді ашамыз жаңа бір Қазақстанда өмір сүреміз. Жоқ жаңа Қазақстан ол үлгі. Ол модельдің мазмұнын халық өзі толтыру керек. Мысалы принцип өзгереді Конституция мажаритарлық аралас приниптерге көшіп жатырмыз.
Қуат Нұрақын