Елордада «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі» перспективалары және даму стратегиясы атты халықаралық форум өтуде. Шараға депутаттар, азаматтық және академиялық қоғам өкілдері мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары шақырылған. Олар бұған дейін елімізде жүзеге асқан екі пилоттық жобаның нәтижелерін саралап, ішкі істер органдарына енгізуді ұсынды. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыруды өзгерту жөнінде жоба тәжірибеге енген. Ал, екінші жоба Қарағанды қаласында шетелдік тәжірибеден алынған ведомствоаралық серіктестік моделін тестілеуге негізделген. Мұның барлығы полиция сервисінің сапасын көтеру мен қоғамның полицияға деген сенімін арттыруға сеп болады, дейді мамандар.
Атығай Арыстанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы:
Елдің қандай проблемалары бар екен, елдің бағасын алу, елдің сенімін арттыру, ол жаңағы учаскелік инспектор болсын, патрульдік полция инспекторы болсын олар күнделікті халықпен, жұмыс жасайды. Халықтың көз алыднда болады сондықтан ел соларға қарап баға береді.