Елордада Қазақстан өндірушілерінің «Ұлттық өнім» көрмесі басталды
Елордада Қазақстан өндірушілерінің «Ұлттық өнім» көрмесі басталды. Биыл алтыншы рет ұйымдастырылып отырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 350-ден астам кәсіпкер қатысып жатыр. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов көрмеден тікелей байланыста. Дарын, отандық бизнестің әлеуетін көрсетуге бағытталған шараның бағдарламасы қандай?
Дарын Сағитов, тілші:
Қазақстандық өндірушілердің биылғы көрмесі де ауқымды деңгейде ұйымдастырылған. Мұнда киім-кешек, аяқ киім, қолөнер бұйымдары, азық-түлік өнімдері қойылған. Көрмеге келушілер қатары да қалың. Бұл – отандық өнімге деген қызығушылықтың көрінісі. Көрменің салтанатты ашылуында Үкімет басшысы елімізді жалпы кәсіпкерлікті қолдауға жан-жақты кешенді шаралар қолға алынып келе жатқандығын айтты. Қолдау тетіктері де жыл санап көбейіп келеді.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Өткен жылы Үкімет «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, бизнестің 160-тан астам мәселелерін қарастырды. Олардың 75 проценті кәсіпкерлер пайдасына шешілді. Ағымдағы жылы 100-ге жуық бизнестің мәселесі Үкіметте қаралаып, 90 проценті қолдау тапты. Мемлекет басшысы атап өткендей, билік пен бизнестің сындарлы өзара іс қимылы әлеуметтік тұрақтылықтың негізін құрайды.
Үш күнге созылатын көрменің бағдарламасы да ауқымды. Мұнда тек қана өнімдер емес, сонымен қатар отандық кәсіпкерлер шетелдік әріптестерімен бірге семинарлар өткізу жоспарланған. Өзара тәжірибе алмасып, ой-пікірлерімен бөліседі. Түрлі ансамбльдердің, өнер ұжымдарының концерті, сән киімдерінің көрмесі де ұйымдастырылатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Комбайн орағына аяғы қысылған бала жансақтау бөлімінде
27.10.2026, 13:04
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02
7 микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды
27.10.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз»
27.10.2026, 10:45
«Бавария» шабуылшысы «Алтын доп-2026» жүлдесін жеңіп алды
27.10.2026, 10:12
Қазақы тазылардың көрмесі өтті
27.10.2026, 10:12