Қарағанды облысында айдын-көлдерді жаппай тазарту жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында айдын-көлдерді жаппай тазарту жұмыстары басталды

19.05.2022

Қарағанды облысында айдын-көлдерді жаппай тазарту жұмыстары басталды. Экологиялық шараға 400 адам мен 100-ден астам техника жұмылдырылған. Волонтерлар жағалаудағы күл-қоқысты жинаса, инспекторлар суда қалып қойған ауларды сүзіп алып жатыр. Себебі торкөзі тар, қытай аулары балықтарға, суда жүзетін құстарға аса қауіпті екен. Табиғат жанашырлары тек бір айдың ішінде 37 тонна тұрмыстық қалдық жинап, 18 мың метр ауды алып шыққан. Қазір Қарағанды өңірінде барлығы 225 су айдыны бар. Соның ең үлкені - Қарқаралы ауданындағы Қарасор көлі. Еске салсақ, жуырда елімізде 2021-2030 жылдарға арналған арнайы бағдарлама қабылданып, балық санын көбейтуге басымдық берілген болатын.

Ғалымжан Орақбаев, Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы:

Сол бағдарлама бойынша барлық облыстарда дамыған елдердегідей, су айдындарынан дайын балықты ала бермей оны өсіріп, сатуға көшіп жатыр. 2030 жылға республика бойынша 270 мың тоннаға жеткізуіміз керек балық өсіруді. Оның ішінде Қарағанды облысы бойыншы 15 мың тонна.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу