Елімізде азық-түліктің қымбаттауы рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде азық-түліктің қымбаттауы рекордтық деңгейге жетті

19.05.2022

Азық-түліктің қымбаттауы - рекордтық деңгейге жетті. Мемлекеттік органдар мұны реттеуге қауқарсыз болып отыр. Үкіметтің бағаны тұрақтандыру шаралары әлсіз. Сенаторлар осыған орай Премьер-министрге сауал жолдады. Алдымен халықтың азық-түлік тұтыну көлемін анықтайтын тәсіл керек. Арнайы доктрина қабылданып, өніммен қамту тетіктері белгіленуі тиіс. Дамыған елдерде бұл ұзақ мерзімді экономикалық жоспар ретінде түзілген. Ал, субсидия сыйақы емес. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қолдау қаржы алғанымен, нарықтың жай-күйіне, қымбатшылыққа қатысты жауапкершілікті сезінбейді. Жиын сайын айтылатын фьючерстік және форвардтық әдіс әлі күнге жүйесіз. Агро өнімдердің негізгі түрлерін экспорттайтын әлемдегі 10 елдің қатарындамыз деп кеуде қағамыз. Ал өзімізде олардың құны шарықтап тұр.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мемлекеттік органдарымыз өрт сөндіру әдісімен жұмыс істейді деп айтуға болады. Ауыл шаруашылығы тауарларын экспорттауға тыйым салу және экспорттық квоталарды енгізу оңай. Бірақ ондай шектеулер фермерлерді банкроттыққа, ал отандық агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежелуіне әкеп соғады. Ең сорақысы, бізде елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде жүйелілік жоқ.


Хабарламаларға жазылу