Атырау облысындағы Қызылқоға ауданында жусан жемірі құрты қаптап кетті
Атырау облысындағы Қызылқоға ауданында жусан жемірі құрты қаптап кетті. Дернәсіл жайылым жерді отап бастаған.
Жандос Темірғали, тілші:
Қазір жағдай күрделеніп бара жатыр. Құжынаған құрт Сағыз және Мұқыр ауылы маңындағы 800 гектардан астам жерге тараған. Бас-аяғы бес шақты шаруаның жайылымдық жеріне қауіп төніп тұр. Өйткені, құжынаған дернәсәл шөпті құртып жатқан көрінеді. Аудандық билік дереу жауаптыларға хабарлап, қазір алдын алу жағын ұйымдастырып жатыр.
Айдулат Кенжебеков, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары:
Қазір аудан тарапынан Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығына хат жолданды. Осы жусан жемірін залалсыздандыру жөнінде. Алдағы уақытта осы мекеме арқылы жұмыстар жүргізілетін болады.
Жандос Темірғали, тілші:
Мамандар ылғалды ауа райы сақталса, қауіп одан бетер күшейетінін айтады. Өйткені бұл дернәсілдің нақ дамитын кезі көрінеді. Қазір зерттеу жұмыстары аяқталып келеді. Аталған зиянкеспен күрес - шаруалардың өз қаражаты есебінен жүргізілмек.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Жамбыл облысында жаңа өткел салды
27.10.2026, 13:07
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Комбайн орағына аяғы қысылған бала жансақтау бөлімінде
27.10.2026, 13:04
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02
7 микроқаржы ұйымын лицензиясынан айырды
27.10.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз»
27.10.2026, 10:45
«Бавария» шабуылшысы «Алтын доп-2026» жүлдесін жеңіп алды
27.10.2026, 10:12