Ақтөбе көшелерінде қара ұлу қаптап кетті
Ақтөбе көшелерінде қара ұлу қаптап кетті. Мұндай тосын жағдай бірнеше тәулік бойы жауған жаңбырдан кейін байқалған. Әсіресе саябақтарда аяқ алып жүргісіз. Зоологтардың айтуынша, ұлулардан адам денсаулығына қауіп жоқ. Дегенмен, әлі күнге дейін бұл жәндіктермен күресудің тиімді тәсілі табыла қоймаған. Олардың әрқайсы күніне өз салмағынан артық өсімдікті жейді. Яғни, ауыл шаруашылығына зияны көп.
Әбдімұрат Әбдікәрімов, биолог – ғалым:
«Түріне қараған кезде «Азиялық қаңғыбас ұлу» деп аталады. Бұл негізі қолайлы жағдайларда жеңіл көбеюі мүмкін. Табиғатта бірқалыпты дамып жатса, онда зияны жоқ».
Ал, Байғанин ауданы аумағында шалғын көбелек көбейіп кетті. Ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің айтуынша, екі ауылдық округте 70 гектар жерді зиянкестер жайлаған. Химиялық улау жұмыстары бірер күнде басталады. Мамандар шалғын көбелектердің әр 10 жыл сайын ауыл шаруашылығына қауіп төндіретінін айтады.
Асылхан Әбтиев, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
«Ақпарат бойынша екі округте тарау бар екен. Бірінде 50, екіншісінде 20 гектардай. Бұл шалғын көбелегі емес, басқа түрі. Орысшасы «полынные листоед». Көріп отырсыз, ауа райы жылы, ылғалды болғасын әр түрлі зиянды құрттар қолайлы болып тұр оларға».
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05