«Балалардың Жаңа толқыны – 2014» байқауында қазақстандық Мұхаммедәли Жүгінісов әзірге алда келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балалардың Жаңа толқыны – 2014» байқауында қазақстандық Мұхаммедәли Жүгінісов әзірге алда келеді

18.08.2014
«Балалардың Жаңа толқыны – 2014» байқауында қазақстандық Мұхаммедәли Жүгінісов әзірге алда келеді

Қырымда өтіп жатқан «Балалардың Жаңа толқыны – 2014» байқауында қазақстандық Мұхаммедәли Жүгінісов әзірге алда келеді.

10 жастағы Мұхаммедәли Сейдолла Бәйтерековтің «Әлия» әнін орындап, қазылар тарапынан ең жоғарғы 11 ұпайды иеленген.

Байқауға Ресей, Италия, Грузия сынды әлемнің 11 елінен 17 финалист қатысуда.

Қазылар алқасының құрамында Филлип Киркоров, Игорь Крутой сынды танымал әнші-композиторлар бар.

Саламат ОМАШ

 

 

Хабарламаларға жазылу