Мұхаммедәли Жүгінісов «Балалар Жаңа толқыны-2014» байқауында ІІІ орынға ие болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхаммедәли Жүгінісов «Балалар Жаңа толқыны-2014» байқауында ІІІ орынға ие болды (ВИДЕО)

19.08.2014
Мұхаммедәли Жүгінісов  «Балалар Жаңа толқыны-2014» байқауында ІІІ орынға ие болды (ВИДЕО)

 

«Балалар Жаңа толқыны-2014» халықаралық музыка байқауына еліміздің атынан қатысқан 10 жастағы Мұхаммедәли Жүгінісов үшінші орынға ие болды.

Мұхаммедәли бұған дейін елімізде өткен «Аялаған Астана» фестивалінде бас жүлде иеленіп, халықаралық байқауға жолдама алған болатын.

Ол үшінші орынды Беларусь елінің атынан сынға түскен Руслан Асланов пен украиналық София Волошаненкомен бөлісті.

Байқаудың Гран-при жүлдесі Украинаның намысын қорғаған Андрей Бойкоға бұйырды. Екінші орын қос дуэт - италиялық Мартине мен Кьяре Скарпари, ресейлік Полина Богусевич пен Екатерина Манешинаға бұйырды.

Жас орындаушылардың Халықаралық «Балалар Жаңа толқыны-2014» тамыздың 16-18-і күндері Қырымдағы атақты «Артекте» өтті.

Фестивальге 11 елден 17 финалист қатысты, деп хабарлайды tengrinews.kz.



 

 

 

Хабарламаларға жазылу