Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер - «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер - «Таңшолпанда»

18.08.2015
Мирас, Мұхаммедәли, Рүстем Жүгінісовтер  - «Таңшолпанда»

2015 жылдың қазан айында Сочи қаласында өтетін «Жаңа толқын» байқауында  орындайтын әннің тұсаукесері жасалды. Тамыздың 19-да Алматыда  жаңа әнге, сондай-ақ  «Футбол»  әніне бейнебаян түсіріледі. Таңғы бағдарламада қонақта болған ағайынды Жүгінісовтер осы және өзге де шығармашылық жаңалықтарымен бөлісті.

«Ертең Алматыға жол жүргелі отырмыз. Ондағы мақсат – «Тәуелсіз елім» атты әнімізге бейнебаян түсіру»,-дейді Рүстем Жүгінісов.

«Жуырда жазылған «Футбол» әнінің авторы Ғалия Шаудырбаева.  Сөзі де сол кісінікі. Қазақ футболына арналған ән жоқ. Сол себепті, футболшыларымызды қолдау мақсатында осы әнді жаздырдық»,-дейді өнерпаздар.

«Біз бір-бірімізге керек екенімізді әсіресе, сахнаға шыққанда түсінеміз. Сахнада жалғыздан гөрі, үшеуіміз қатар тұрғанда ғана көңілім толық»,-дейді ағайындылардың үлкені Рүстем Жүгінісов.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу