«Славян базары-2014» байқауында қазақстандық әнші әзірге 6-орында тұр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Славян базары-2014» байқауында қазақстандық әнші әзірге 6-орында тұр (ВИДЕО)

14.07.2014
«Славян базары-2014» байқауында қазақстандық әнші әзірге 6-орында тұр (ВИДЕО)

Витебскіде өтіп жатқан «Славян базары-2014» ән байқауында Қазақстанның атынан бақ сынап жатқан 23 жастағы Мархаба Сәбиева екі күннің нәтижесі бойынша 6-шы орында тұр, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

Байқаудың алғашқы күні Мархаба «Махаббат пен жалғыздық» («Любовь и одиночество») атты ән орындап, 86 балл жинады, екінші күні «Halo» әнін орындап, 87 балға ие болды.

«Славян базары-2014» байқауының көшбасшысы - әзірге  Мексиканың өкілі Родриго де ла Кадена (186). Екінші орында - Молдова өкілі  Виталие Негруца (179), үшінші орында - украиналық Вероника Дорош (177).

Үшінші күні байқауға қатысушылар өз елдерінің хит әндерін орындайды.

Жеңімпаздар14-маусым күні салтанатты түрде марапатталады.

Қазылар алқасының құрамында Толқын Забирова (Қазақстан), Ирина Билык (Украина), Ядвига Поплавская (Беларусь), Лили Иванова (Болгария), Александр Рыбак (Норвегия),  «Грэмми» жүлдесінің иегері Марлоу Росадо (США) секілді белгілі музыканттар мен орындаушылар бар. 

Айта кетейік, Мархаба Сәбиева - «Қазақстан»  Ұлттық телеарнасының эфирінен өткен «Қазақстан дауысы»  байқауының қатысушысы. Оның тәлімгері Мәдина Сәдуақасова болған еді.  
 

 

Хабарламаларға жазылу