Ақтауда сарбаз әскери бөлімге қайта оралмаған
Ақтауда сарбаз жоғалды. Әскери қызметшілер мен полиция оны 1 тәуліктен бері таппай жатыр. Әділбек Бағлан - Ақтөбе қаласының тумасы. Жасы 18-де. 66-56 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жатқан сарбаз, маусымда ауылына қайтуы тиіс еді. Өткен сенбіде теңіз жағалауындағы қоғамдық тәртіпті бақылау үшін шыққан ол, түнде жұмысын аяқтап, сөмкесі мен арнайы құралдарын жанындағы патрульдік қызметкерлерге тапсырып, кетіп қалған. Содан бері ұшты-күйлі жоқ.
Марат Рахпанов, 6656 әскери бөлімінің командирі:Әділбек - әскери нарядтың бастығы еді. Қасындағы 2 сарбаз да әскерге өзімен қатар шақырылғандар. Олардың сөзінше, сарбаз әскери бөлімге қайтқысы келмейтінін айтқан. Мұндай қадамға баруына не түрткі болғанын анықтаймыз. Жалпы осындай жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Қызметтік тергеу жүргізіліп, әкімшілік немесе тәртіптік жаза берілуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері қайырымдылық жасады
27.10.2026, 13:15
Ресейде Зика безгегі анықталды
27.10.2026, 13:12
Израильде парламентке сайлау болып жатыр
27.10.2026, 13:10
Жамбыл облысында жаңа өткел салды
27.10.2026, 13:07
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орағына қысылып қалды
27.10.2026, 13:04
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02