Түркістан облысында дәрілік шөпті заңсыз қазған 130-дан астам шетелдік ұсталды
Емдік қасиеті өте жоғары саналатын «Кеурек» шөбін негізінен Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары алып кеткені анықталған. Соңғы уақытта осы өсімдікті қазып алушылар көбейген соң, қоғам белсенділері оларды тәртіпке шақыру керектігі туралы дабыл қаққан болатын. Өңірдің полицейлері жүргізген рейд барысында, Отырар ауданында 33 Тәжікстан азаматы, Арыс ауданында 101 Өзбекстан азаматы ұсталған. Олар далалық жерде шатыр тігіп, кейбірі отбасымен жұмыс істеп жүрген. Сонымен қатар «Кеурек» шөбін қазуға заңсыз шетелдік жұмыс күшін тартқан, 2 жергілікті тұрғын анықталып, оларға әкімшілік хаттама түзілді. Ал, өзге елдің азаматтары көші-қон заңнамасын бұзу бойынша жауапқа тартылды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі
17.09.2026, 18:17
Оралда тәрбиелік-спорттық іс-шара өтті
17.09.2026, 17:25
Алматы облысында көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
17.09.2026, 17:22
Балық өсірушілерге субсидия беріле бастады
17.09.2026, 17:20
Ірі су қоймаларда м³57,9 млрд су жиналған
17.09.2026, 17:17
Ел жаңалықтарына шолу
17.09.2026, 17:15
Қазақ ғалымдары Менделеев кестесінің элементін шығармақ
17.09.2026, 17:12
Блефаропластикадан кейін әйелдің бір көзі көрмей қалған
17.09.2026, 17:10