Петропавл әуежайы 2 рет аукционға шығарылып, сатып алушы табылмады
Петропавл халықаралық әуежайы екі рет аукционға шығарылып, сатып алушы табылмады. Бұған дейін нысанның мүлкі 5,6 млрд теңгеге бағаланған еді. Екі ай бойы жаңа иесін таппаған әуежайдың бағасы – 2,8 млрд теңгеге дейін төмендетілді. Нысанды сатып алушы 10 жыл бойы әуежайды өзгертпей, жолаушылар тасымалын қамтамасыз етуі шарт. Алайда аукционға қатысуға ешкім ниет білдірмеген. Нысан 6 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен. Бұл мақсатқа 7 млрд теңге жұмсалды. Әуежай әзірге жұмыс істеп тұр. Жолаушылар ұшағы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына қатынайды.
Мирхат Әбілмәжінов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:Сараптама әуежайдың шығынмен жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Мемлекеттік орган оған қаржы бөле алмайды. Сондықтан оны коммуналдық меншіктен жекенің қолына беру жөнінде шешім қабылданды. Әуежайды аукционға шығарудағы мақсат - алдымен нысанды сенімді басқаруға беріп, кейін сату.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері қайырымдылық жасады
27.10.2026, 13:15
Ресейде Зика безгегі анықталды
27.10.2026, 13:12
Израильде парламентке сайлау болып жатыр
27.10.2026, 13:10
Жамбыл облысында жаңа өткел салды
27.10.2026, 13:07
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орағына қысылып қалды
27.10.2026, 13:04
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02