Үкімет отырысы: Биыл көмір халыққа қолжетімді бағамен сатылады
Биыл көмір халыққа қолжетімді бағамен сатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты. Көмір қымбат болмас үшін 3 бағытта жұмыс жүргізілуде. Біріншіден, кірме темір жолдарын ұсыну қызметінің тарифі 92 пайызға төмендеді және осымен айналысатын мекеме алдағы уақытта толықтай мемлекетке қайтарылады. Бұл экономиканы демонополизациялау аясында атқарылған шаруа. Көмірдің бағасын шарықтатып жіберетін алып-сатарлармен де күрес күшейген. Осы салаға жауапты министрлік карьерден шыққан көмір бағасының қалай өзгеретінін қатаң бақылауда ұстаймыз деп отыр. Сауда биржасы арқылы ұсынылатын көмір көлемі де көбейеді.
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:
Былтыр біз пилоттық жоба ретінде халыққа ұсынылатын көмірдің 10 пайызын тікелей өңірлік операторларға, делдалдарсыз, сауда биржасы арқылы сатқанбыз. Сол өзінің оң тәжірбиесін көрсетті. Соны ескере отырып, халыққа ұсынылатын көлемді 10-нан 50 пайызға көбейттік. Яғни, биржада сатылады, арада делдалдар болмайды.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері қайырымдылық жасады
27.10.2026, 13:15
Ресейде Зика безгегі анықталды
27.10.2026, 13:12
Израильде парламентке сайлау болып жатыр
27.10.2026, 13:10
Жамбыл облысында жаңа өткел салды
27.10.2026, 13:07
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орағына қысылып қалды
27.10.2026, 13:04
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02