Ел аумағынан қара және түсті металл қалдықтарын автокөлікпен шығаруға уақытша тыйым салынды. Жарты жылдық шектеу қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат тапшылығын жоюға ықпал етеді. Бұл туралы Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Уақытша шектеуге қарамастан металл сынықтарын шекарадан теміржолмен тасымалдауға болады. Ал түрлі-түсті металл үшін толық шектеу енгізілді. Қазір елімізде металл қалдықтарын шикізат ретінде пайдаланатын 20-дан астам кәсіпорын бар. Өндіріс орындарында 37 мыңнан астам адам еңбек етеді. Уақышта шектеу арқылы отандық кәсіпорындардың жүктемесін 70-80 пайызға жеткізу көзделген.
Тұрар Жолмағанбетов, ҚР ИИДМ индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары:
Еліміздің Президенті де айтып жатыр біз мүмкіндігінше индустрияландыру саясатында дайын өнім шығаруымыз керек. Және өткен жылы қабылданған заң бар. Бұл – Өнеркісіп саясаты заңы. Осы барлық бағдарламалар стратегияның басты ұғымы – елден шығатын шикізаттан дайын өнім шығару».
Дарын Сағитов