Қазақстаннан металл қалдықтарын шығаруға уақытша тыйым салынды
Ел аумағынан қара және түсті металл қалдықтарын автокөлікпен шығаруға уақытша тыйым салынды. Жарты жылдық шектеу қайта өңдеуші кәсіпорындар үшін шикізат тапшылығын жоюға ықпал етеді. Бұл туралы Индустирия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Уақытша шектеуге қарамастан металл сынықтарын шекарадан теміржолмен тасымалдауға болады. Ал түрлі түсті металл үшін толық шектеу енгізілді. Қазір елімізде металл қалдықтарын шикізат ретінде пайдаланатын 20-дан астам кәсіпорын бар. Өндіріс орындарында 37 мыңнан астам адам еңбек етеді. Уақышта шектеу арқылы отандық кәсіпорындардың жүктемесін 70-80 пайызға жеткізу көзделген.
Тұрар Жолмағанбетов, ҚР ИИДМ индустриалдық даму комитеті төрағасының орынбасары:Еліміздің Президенті де айтып жатыр біз мүмкіндігінше индустрияландыру саясатында дайын өнім шығаруымыз керек. Және өткен жылы қабылданған заң бар. Бұл – Өнеркісіп саясаты заңы. Осы барлық бағдарламалар стратегияның басты ұғымы – елден шығатын шикізаттан дайын өнім шығару.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00