Биыл көмір халыққа қолжетімді бағамен сатылады - вице-министр
Биыл көмір халыққа қолжетімді бағамен сатылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты. Көмір қымбат болмас үшін 3 бағытта жұмыс жүргізілуде. Біріншіден, кірме темір жолдарын ұсыну қызметінің тарифі 92 пайызға төмендеді және осымен айналысатын мекеме алдағы уақытта толықтай мемлекетке қайтарылады. Бұл экономиканы демонополизациялау аясында атқарылған шаруа. Көмірдің бағасын шарықтатып жіберетін алып-сатарлармен де күрес күшейген. Осы салаға жауапты министрлік карьерден шыққан көмір бағасының қалай өзгеретінін қатаң бақылауда ұстаймыз деп отыр. Сауда биржасы арқылы ұсынылатын көмір көлемі де көбейеді.
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:Былтыр біз пилоттық жоба ретінде халыққа ұсынылатын көмірдің 10 пайызын тікелей өңірлік операторларға, делдардарсыз, сауда биржасы арқылы сатқамыз. Сол өзінің оң тәжірбиесін көрсетті. Соны ескере отырып, халыққа ұсынылатын көлемді 10-нан 50 пайызға көбейттік. Яғни, биржада сатылады, арада делдалдар болмайды.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
308 жасанды интеллект агенті әзірленіп жатыр
21.08.2026, 20:59
Шалғай ауылдар газдандырылып жатыр
21.08.2026, 20:50
Қызылорда облысында жастар тазалық акциясына шықты
21.08.2026, 20:49
Мәскеудегі бес сайлау учаскесі сайлауға дайын
21.08.2026, 20:47
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті
21.08.2026, 20:40
Елімізде ұлттық киім өндірісі дамып келеді
21.08.2026, 20:06
Ақмола облысында логопед мамандарға сұраныс артты
21.08.2026, 20:03
Президент: 23 тамыз – ел тағдыры үшін бетбұрысты сәт
21.08.2026, 20:00