Батыс Қазақстанда ауыл мектебі су астында қалды
Енді еліміздің батысындағы елдімекендер толассыз жауған жауыннан зардап шегуде. Ақжайық ауданы Тайпақ ауылындағы орта мектептің үшінші қабатында сынып бөлмелерінің төбесінен су аққан. Әсіресе, қосымша ғимаратта орналасқан спорт және акт залдары, асханаға қатты залал келді. 1987 жылы салынған мектеп ғимараты апатты жағдайда тұр. Төрт жыл бұрын жөнделуі тиіс еді. Алайда мердігерлер соттасып, бюджет қаржысы кері қайтарылған. Үш қабатты мектеп пен жанындағы шағын орталықта 201 бала тәрбиеленеді.
Үміт Жанғазиева, Облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы:Тайпақ ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепке күрделі жөндеу жасау үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Және де жергілікті бюджеттен қаражат бөлу қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда оқу процесі тоқтаған жоқ. Балаларды Ақжайық агротехникалық колледжіне көшіру ұйымдастырылып жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір жылда Қазақстан экономика көлемі бойынша Португалия мен Финляндиядан озды
27.10.2026, 13:23
Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы жанкүйерлері қайырымдылық жасады
27.10.2026, 13:15
Ресейде Зика безгегі анықталды
27.10.2026, 13:12
Израильде парламентке сайлау болып жатыр
27.10.2026, 13:10
Жамбыл облысында жаңа өткел салды
27.10.2026, 13:07
Қазақстан – Ресей шекарасындағы бекетті жаңартып жатыр
27.10.2026, 13:05
Түркістан облысында жасөспірімнің аяғы комбайнның орағына қысылып қалды
27.10.2026, 13:04
Жоғалды делінген 17 мың адам табылды
27.10.2026, 13:02