АҚШ Украинаға 150 миллион доллар көлемінде әскери көмек бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Украинаға 150 миллион доллар көлемінде әскери көмек бермек

07.05.2022

Украина аумағында әскери қақтығыс жалғасып жатыр. Украина әскері Харковь қаласы маңында қарымта шабуылға көшіп, 5 ауылды қайтарған. АҚШ-тың Соғысты зерттеу институтының мәліметінше, Харковь те жақында ресейлік артиллерия қаупінен босатылады. Северодонецк қаласы сыртында да атыс жүріп жатыр. Бахмут деген қалада адамдар тұратын ауданға зымыран түсіп, 3 тұрғын қаза тапқан. Ал Мариупольдегі "Азовсталь" зауытынан тағы 50 адам эвакауцияланды. Өнеркәсіп кешенінде 2 мыңдай украиналық сарбаз бен әлі де 150-дей бейбіт тұрғын бар. Украина президенті Владимир Зеленский болса, Ресей күштері ақпанда Украинаға басып кіргенге дейінгі бекіністеріне қайта оралса, бұл қадам Ресеймен бейбіт келісімге жол ашатынын айтты.

Ал АҚШ Украинаға 150 миллион доллар көлемінде әскери көмек бермек. Оның аясында Вашингтон Киевке артиллерия, оқ-дәрі, радалар мен басқа да әскери құрал-жабдық жеткізеді. Бұған қоса, Ақ үй басшысы Конгресті Украинаға 33 миллиард доллар бөлу туралы ұсынысты тезірек қолдауға үндеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу