Зеленский: Ресейдің шабуылынан Украинада жүздеген аурухана қирады
Ресей күштері Украинада жүздеген аурухана мен басқа да денсаулық сақтау мекемелерін қиратқан. Президент Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді. Соның салдарынан дәрігерлер қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға ем көрсете алмай отыр. Елдің шығысы мен оңтүстігінде қажетті дәрі-дәрмек тапшы. Сонымен бірге Зеленский қоршауда қалған Мариупольден тұрғындарды эвакуациялау бейсенбі күні де жалғасқанын мәлімдеді. Украина президентінің сөзінше, «Азовсталь» зауытына басып кірген ресейлік күштер оқ атуды тоқтатқан жоқ. Айта кетері, өнеркәсіп кешеніндегі бункерлерде украиналық 2 мыңдай сарбаз бен 200-дей бейбіт тұрғын бар.
Владимир Зеленский, Украина президенті:
Қазіргі уақытта Ресей күштері Азовстальға оқ атуды тоқтатқан жоқ. Бірақ әйелдер мен балаларды зауыттан шығару керек. Ол жерде балалар көп. Елестетіп көріңізші!!! Қаншама бала бар. Үздіксіз атыс, бомбалау екі айдан астам уақыт бойы жалғасып жатыр.
Ал америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, Ресейдің «Москва» крейсеріне соққы АҚШ-тың барлау мәліметтерінің көмегімен жасалған. Дереккөздердің ақпаратына сай, Украина қарулы күштері осы барлау мәліметі арқылы крейсердің орналасқан жерін анықтап, дәлдеп атқан. Еске салайық, «Москва» кемесі сәуірдің 13-де суға батты. Украина крейсерге нептун зымырандарымен соққы бергенін мәлімдеді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрылтай сайлауының үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
28.07.2026, 20:10
Ертең «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турнирі басталады
28.07.2026, 20:07
Ертең «Qazaqstan» телеарнасында ұлттық теледебат өтеді
28.07.2026, 20:07
Желілерді жаңартуға 13 триллион теңге бөлінеді
28.07.2026, 20:05
Әлеуметтік желі арқылы заңсыз контент таратқан 9 стример жауапқа тартылды
28.07.2026, 20:05
Қайтыс болған адамның несиесі кімге жүктеледі?
28.07.2026, 20:05
Әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілер көшесі Петропавл қаласында орналасқан
28.07.2026, 20:04
Қарызды өтеу: Коллекторлардың қызметі өзгереді
28.07.2026, 20:04