Елімізде шағын мұнай өңдеу зауыттарына қатысты салықтық және кедендік жеңілдіктер алынып тасталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде шағын мұнай өңдеу зауыттарына қатысты салықтық және кедендік жеңілдіктер алынып тасталуы мүмкін

05.05.2022

Елімізде шағын мұнай өңдеу зауыттарына қатысты салықтық және кедендік жеңілдіктер алынып тасталуы мүмкін. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды. Мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстар қаралған жиында энергетика министрі Болат Ақшолақов шағын мұнай өңдеу зауыттары шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін оларға техникалық реттеу талаптарын күшейтуді ұсынды. Сондай-ақ техникалық регламентке сай келмейтін мұнай өнімдерін шығаратын шағын мұнай өңдеу зауыттарына салықтық және кедендік жеңілдіктерді де алып тастау мәселесі көтерілді. Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалық сөз байласуға әкелетін жағдайларды анықтау үшін ұсыныстар енгізуді тапсырды.



Хабарламаларға жазылу