Тұңғыш Президент туралы нормалар референдумға шығарылады - Еділ Жаңбыршин
Тұңғыш Президенттің мәртебесін заңмен бекітуді немесе Ата Заңнан алып тастауды алдағы референдумда халық шешеді. Мәжіліс депутаттары «Республикалық референдум туралы» заңға Сенат енгізген толықтырулармен келісті. Қазір бізбен әріптесім Дарын Сағитов тікелей байланысқа шығады. Дарын Мәжіліс қолдаған заң жобасын егжей-тегжей түсіндіріп берсеңіз.
Дарын Сағитов, тілші:
Бүгін Сенат «Республикалық референдум туралы» Заңнан Елбасы туралы норманы алып тастап, толықтыруларды Мәжіліске қайтарған болатын. Жаңа ғана Мәжіліс отырысына қатысқан 96 депутаттың барлығы аталған өзгерістерге қолдау білдірді. Еске сала кетейін, бұл Конституциялық Заң жобасын Парламент депутаттары әзірлеген. Құжатты кеше Мәжіліс мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберген болатын. Заң жобасын жоғарғы палата қарау барысында қосымша толықтыру енгізілді. Осылайша «Республикалық референдум туралы» заңның қолданыстағы редакциясынан «Тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесін өзгерту» деген сөздер алынып тасталды.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Референдум туралы заңда Елбасына қатысты нормаларды алып тастау керек. Себебі, Референдум туралы заңда Елбасына қатысты нормалар референдумға шығарылмайды деген. Енді соны шығару үшін Мәжілісте сол норманы алып тастадық. Енді Тұңғыш Президент туралы нормалар халықтың референдумына шығарылады.
Демек, алдағы жалпыхалықтық референдумда Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты нормаларды Ата Заңнан алып тастауға халық дауыс беретін болса, ол Конституциядан алынып тасталады. Нормаларды жақтап дауыс берсе, Ата Заңда қалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақша ChatGPT: Қазақстандық ғалымдар қандай ЖИ жасады?
14.12.2025, 20:40
Су тапшылығы: Күріш пен мақта үлесін қысқартудың салдары қандай?
14.12.2025, 20:30
Өмірдің соңғы кезеңі: Қазақстанда паллиативті көмек қалай көрсетіледі?
14.12.2025, 20:25
Халықаралық панорама: Қырғызстан, Украина және бейбітшілік күн тәртібі
14.12.2025, 20:11
Енді кімдерге несие берілмейді?
14.12.2025, 20:11
Қазақстан мен Иран бірлескен кеме қатынасын іске қоспақ
14.12.2025, 19:55
Каспий құбырына шабуыл: Қазақстан 480 мың тонна мұнайдан айырылды
14.12.2025, 19:52
Атырау облысында қатты желден әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатыры ұшты
14.12.2025, 19:51