Елімізде 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы сезілуі мүмкін
Елімізде баспана тапшылығы болуы мүмкін. Қазақстан құрылысшылар одағы төрағасының айтуынша бұған құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы түрткі болмақ. Қазір көптеген компаниялар жоспарларын қайта қарап, шығындарын есептеп жатыр екен. Талғат Ерғалиевтің айтуынша материалдардың басым бөлігі әлі де сырттан әкелінеді. Оның үстіне баспана нарығындағы инфляция 14%-ға жетті. Сол үшін баға күзге қарай 10-15 пайызға тағы қымбаттамақ.
Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы:
Ресейге қарсы салынып жатқан санкциялардың құрылыс нарығына түсіретін шынайы салмағын біз тамыз-қазан аралығында сезінеміз. Әзірге материал мен тауардың қоры жеткілікті. Бірақ шамамен күзден бастап санкциялардың шынайы әсерін көреміз. Осы кезде құрылыс бағасы қайта қымбаттайды. Сондықтан биыл болмаса да, 2024-2025 жылдары баспана тапшылығы сезілуі мүмкін.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 161 волонтерлер ұйымы жұмыс істейді
25.09.2026, 15:10
Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
25.09.2026, 15:09
Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
25.09.2026, 15:09
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 15:08
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
«Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды»
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05