Украинадағы ахуал: Сүңгуір қайықтардан соққы беріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы ахуал: Сүңгуір қайықтардан соққы беріліп жатыр

23.04.2022

Қара теңізде Ресейдің төрт сүңгуір қайығынан Украина аумағына зымыранмен соққы беріліп жатыр. Британиялық «Таймс» газеті осылай деп мәлімдеді. Кейін бұл ақпаратты Украина әскерилері растады. Зымырандар 50 метрге дейін тереңдіктен жіберілгендіктен, оларды радарлар мен спутниктер анықтай алмайды.

Мәліметтерге қарағанда, Ресей «Москва» крейсері суға батқаннан кейін өз кемелеріне сақтықпен қарайды. Айта кетері - осы елдің Қорғаныс министрлігі кеме апатқа ұшырағанда 1 адам қаза тауып, 27-сі жоғалып кеткенін алғаш рет мойындады. Экипаждың қалған 396 мүшесі эвакуацияланған.

Сонымен бірге, ведомствоның ресми өкілі Мариупольге қатысты мәлімдеме жасады.

Игорь Конашенков, Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі:

Мариупольдағы жағдай қалпына келді. Тұрғындар көшеде еркін жүре алады. Гуманитарлық көмек, су, азық-түлік жеткізілді. Украинаның «Азов» ұлтшылардары АҚШ пен Еуропа елдерінің жалдамалыларымен бірге Азовсталь зауытында қоршауда қалды.

Украина тарапының мәліметінше, Ресей армиясы Мариупольге авиациялық соққы беруді тоқтатқан жоқ. Ал Херсон облысының аудандарын басып алуға тырысқанымен, техника жағынан айтарлықтай шығынға ұшыраған. Жалпы, соңғы тәулікте ресей күштері алға жылжымаған. Олар Донецк бағытында шабуылды күшейтіп, Донбастағы украиналық әскерилерді қоршауға алуды көздейді деген ақпарат бар.

Александр Штупун, Украина қарулы күштері бас штабының баспасөз хатшысы:

Донецк және Луганск облыстарының бір өзінде соңғы тәулікте жаудың 24 шабуылына тойтарыс бердік. Тоғыз танк, 18 брондалған машина, бір танкер мен 3 артиллерия кешені жойылды.


Хабарламаларға жазылу