Шығыс Қазақстанда 230 адамды кене шақты
Шығыста күн жылынғалы 230 адамды кене шаққан. Оның сексені бала. Көбісі Өскемен қаласының тұрындары. Ең бастысы кене энцефалитіне ешкім шалдықпған. Мамандар биыл көктем суық әрі күннің жылынуы ұзаққа созылғандықтан өткен жылдармен салыстырғанда зиянкестен зардап шеккендер саны әлдеқайда аз деп отыр. Ең бастысы кене шаққан адамдарға дер кезінде ем-дом жасалып екпе егілді. Бүгінге дейін 201 адамға иммуно-глобулин вакцинасы салынған. Ал шығыста тек Өскемен қаласы ғана емес, тағы 10 аудан кене энцефалитінің табиғи ошағы саналады. Сондықтан ол аумақтарға жылына екі рет залалсыздандыру жұмысы жүргізіледі.
Бағалан Тауанова, облыстық Санитарлық эпидемологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті. Сондай-ақ облыстың эндемиялық 9 өңірінде мамандармен кенеге қарсы зарарсыздандыру жұмысы жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында 1 шақырымнан астам аумақ тазартылды
16.04.2026, 20:28
Сенек ауылында құм көшкінін тоқтату үшін 5 мыңға жуық сексеуіл мен жүзген егілді
16.04.2026, 20:26
Семейде жылу орталығының құрылысы басталды
16.04.2026, 20:24
Түркияда халықаралық парламент ассамблеясының 152-отырысы өтіп жатыр
16.04.2026, 20:22
«Әділет» партиясы тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжат өткізді
16.04.2026, 20:21
Сыртқы істер министрлігі қажылыққа баратын Қазақстан азаматтарына ескерту жасады
16.04.2026, 20:20
Таяу Шығыстағы соңғы ахуал
16.04.2026, 20:17
Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық бастамаларын қолдауға дайын
16.04.2026, 20:17