Шығыстағы Күршім ауданындағы 5 ауылдың егістік алқабы тағы сусыз қалуы мүмкін. Былтыр көктемде Күршім өзеніндегі «Мойнақ» бөгеті жырылып, соның салдарынан шаруалар банкрот болған. Биыл да дәл сондай жағдай. Ал, сол тоспадан шаруаларға су сатып келген «Қазсушар» мекемесі, бұзылған бөгетті жөндеуге құлықсыз. Аңқасы кепкен алқап пен шаруалардың жай-күйін тілшіміз тарқатсын.
Үйілген құм мен қоқыс қазір шлюзде кептеліп тұр. Бөгет бұзылғалы өзен негізгі арнасымен ағып жатыр. «Мойнақ» бөгетінде қазір ие жоқ. «Қазсушар» мекемесі «Жауғашты» каналын ғана 2016 жылы қарамағына алған. Ал, Мойнақтың маңыздылығын жете түсіне алмай отыр деп налиды шаруалар.
Ержан Қойлыбаев, шаруашылық жетекшісі:
Қандай маңыздылығы бар? Мына каналдың . Сонда ғана ақша бөлеміз., деп айтты дейді. СКЛ Күршім ауданы мал шаруашылғымен айналысады. Мал азығының 80 пайызы Жауағашты тоғанынан дайындалады. СКЛ 2.01.46- Он екі мың , он үш мың гекар жер осымен суландырылады. Және де 3-4 ауылдың халқы осы канладан су алып жеміс-жидек егіп отыр. Маңыздылығы осы.
Мойнақ бөгетіндегі су көмейден Жауғашты каналына түседі.Ал ортадағы сүзгі кептелген қоқыстың кесірінен әлі жабық тұр.
Олжас Керейхан, тілші:
Көмейден бөлініп шыққан су 25 шақырым болатын Жауғашты каналы арқылы етектегі елдің егінен жетуі тиіс. Бірақ соңғы 15-20 жылда ол бірде бір рет тазаланбаған. Қазір каналдың табанын мынадай қиыршық тас басып жатыр.
Тас пен қоқысқа толған канал былтыр жазға жетпей кеуіп қалған. Шаруалар егістікке су келмесе де қаржы төлепті.
Бақытбек Қалиев, Алғабас ауылының тұрғыны:
Қанша елдің ақшасын жинап алған. Суға деген. Алқаптан. 3-4 ақ үй алды.
Қырық жыл осы нысанда гидротехник болған-Әділхан Тұрсынханов бұзылған бөгетті жаңартудың техникалық сызбасын дайындап қойыпты.
Әділхан Тұрсынханов, Сарыөлең ауылыныңтұрғыны:
Ана жақтан асып кететіндей қылып істеу керек. Тасқын суды. Бағанағы су өткізетінді жасаса, мынаны талқандаған мұз су, тура сол арнамен ағып кетеді де, мына арна ға түсіп кетеді. Егер бұл жұмыс істелінетін болса, бұл жердегі проблема мәңгілікке шешіледі.
Проблеманы біржола шешу үшін әуелі су бөгеті мемлекеттің қарамағына өту керек. Қазсушардың облыстағы өкілдері нысанды әуелі Күршім ауданы әкімдігі коммуналдық меншікке алсын деп, отыр.
Нұржан Әміржанов, "Қазсушар" РМК облыстық филиалының директоры:
Күршім ауданы әкімдігі қабылдаған соң, бізге республиканың меншігіне тапсырады. Ол бізге тапсырылған соң, республиканың меншігінен бюджеттен ақша сұраймыз. Жобалық сметалық құжатын дайындап қайта жаңғырту үшін.
Коммуналдық меншікке өтіп, құжат қашан дайын болатынын ешкім айта алмайды. Ал биыл жазда тағы сусыз қаламыз ба, деген шауралар қазірдің өзінде өзен жағалап жүр.
Олжас Керейхан