Адам құқықтары саласындағы заңға толықтырулар енді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 сәуірде «Қазақстан Республикасының Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» Жарлыққа толықтырулар енгізді. Онда адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы одан әрі шаралар жоспарын бекіту туралы айтылған. Құжатта әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету, бірлесу бостандығына құқық, мүгедек адамдарға қатысты адам құқықтары сынды түрлі бағыттар қамтылған. Сондай-ақ қылмыстық сот төрелігі саласындағы адам құқықтары заңына да толықтырулар енді. Қабылданған жарлық енді Үкімет жұмысының жаңа бағыттарымен жүзеге аспақ.
Эльвира Әзімова, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл:Азаптауға жол беретіндер жазаның сөзсіз және қатал болатынын түсінуі керек. Соңғы үш жылда бізге көбірек жүгінгендерді үш санатқа бөлуге болады. Біріншісі - қылмыстық жазаны орындау саласындағы адам құқықтарын сақтау мәселелері. Екіншісі - азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастың өзге де түрлерін қолдану. Үшіншісі - сот төрелігіне жеткіліксіз немесе толық емес қол жеткізу. Конституциямен кепілдік берілген адам құқықтары нақты режимде сақталуға және қорғалуға тиіс.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қаза тапқан әскери қызметшілер тізімі жарияланды
25.09.2026, 13:30
Әскерилердің отбасына көмек көрсетуге бірыңғай оператор белгіленді
25.09.2026, 13:27
Құрылтай Төрағасы әскери қызметшілердің отбасына көңіл айтты
25.09.2026, 13:24
Инвестициялық форум бір минут үнсіздікпен басталды
25.09.2026, 13:21
Шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері көңіл айтуда
25.09.2026, 13:18
Маңғыстаудағы төтенше жағдай: 12 сараптама тағайындалды
25.09.2026, 13:15
Бірқатар лауазымды әскери тұлға күдікке ілінді
25.09.2026, 13:12
Ауруханадағы сарбаздың жағдайы жақсы
25.09.2026, 13:09