Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ауа райының бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

14.02.2022

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды. Бүгін елордада қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде. Ақтөбе, Ақмола, Түркістан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облысында да боран соғады. Ал Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында көктайғақ және қатты жел болады. Синоптиктер болжамы бойынша Жамбыл облысында желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асады. Қызылорда облысында да жауын-шашын, көктайғақ болады деп күтілуде. Мамандар аса қажет болмаса, алыс жолға шықпауға кеңес беріп жатыр.

Елордадағы полицейлер көлікті жол бойында қалдырмауды сұрады. Себебі олар қар тазалауға кедергі келтіреді. Ескертуді елемегендерге айыппұл салынады. Сенбіден жексенбіге қараған түні елордада 100-ден астам жол-көлік оқиғасы болып, 1 адам зардап шекті.


Хабарламаларға жазылу