Алматыда 10-13 сәуір күндері қар көшкіні жүруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 10-13 сәуір күндері қар көшкіні жүруі мүмкін

10.04.2015
Алматыда 10-13 сәуір күндері қар көшкіні жүруі мүмкін

Ауа райының күрт жылынуына байланысты 10-13 сәуір аралығында Алматы облысының таулы аймақтарында дауылды ескерту жарияланды.  Бұл туралы «Алматы қаласы құтқару қызметі» МКК баспасөз қызметі хабарлайды.

«10.04.2015 жылғы № 17 дауылды ескерту «Қазгидромет» МКК Алматы қаласы бойынша филиалынан келіп түскен. Құтқару қызметі Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарын таулы жерде абай болуға шақырады», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу