Ауа райына байланысты 9 өңірде дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райына байланысты 9 өңірде дауылды ескерту жарияланды

25.03.2021

Ауа райына байланысты 9 өңірде дауылды ескерту жарияланды. Әсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Ақмола, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында күн райы күрт бұзылмақ.

Бұл аймақтарда тұман түсіп мен көктайғақ болуы мүмкін. Сондай-ақ, жел күшейіп, солтүстік пен орталықта жаяу бұрқасын жүрсе, оңтүстік пен батыста жаңбыр жауып, найзағай түсуі мүмкін.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу