Елордада жас инспекторлар флешмоб ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жас инспекторлар флешмоб ұйымдастырды

16.04.2022


Елордада жеткіншектердің құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру мақсатында "Мен және менің полицейім" атты акция өтті. ЭКСПО павильоны алдындағы алаңда жол қозғалысының жас инспекторлары Өтемісов атындағы оқушылар сарайының тәрбиеленушілерімен бірге флешмоб ұйымдастырды. Іс-шара балалардың жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтауына ықпал етеді.

Хабарламаларға жазылу