Елордада жас инспекторлар мен жол полициясы автошеру жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жас инспекторлар мен жол полициясы автошеру жасады

20.06.2017

«Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!». Осындай ұранмен бүгін Астанада бір топ жас инспектор жолға шықты. Балалар ересектерге түрлі ескертпелер жазылған парақшалар таратып, жолдағы қауіпсіздікті сақтауларын өтінді. Мұндай шара жергілікті полицияның ұйымдастыруымен бастау алды. Онкүндік маусымның 15-і мен 25-і аралығында өтеді.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу