600 оқушы Қазақстанды аралайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

600 оқушы Қазақстанды аралайды

17.07.2018

Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 200 бала Қазақстанды аралап, саяхаттайды. 12 мен 15 жас аралығындағы оқушылар еліміздің 3 бірдей шаһарының  көрікті жерлерімен таныспақ. Олар осы сапар арқылы тарихымызды тереңірек тани алады.

Іс-шараның мақсаты – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Биыл еліміз бойынша осындай саяхаттау мүмкіндігіне 600 жас өрен ие болды. Олардың 500-ден астамы көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шықса, жүздегені  арнайы байқаудан өтті. Жолға шықпас бұрын, қатысушылар аспанға шар ұшырып, арнайы флешмоб ұйымдастырды. Аталмыш әлеуметтік жоба осымен үшінші рет өткізіліп отыр. 

Алтынай МҰСАЕВА

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу