Ұлытау мен Қарағанды облыстары қалай бөлінеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау мен Қарағанды облыстары қалай бөлінеді?

15.04.2022

Қарағанды мен Ұлытау облыстарының шекарасы белгіленіп, қала, аудандар қалай бөлінетіні мәлім болды. Бүгін өңірлік мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар ұсыныс жасады.

Ұлытау облысының құрамына 5 аймақ, яғни Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа және Ұлытау аудандары кіреді. Орталығы Жезқазған қаласы болады. Бұрын-соңды Қарағанды өңірінің жалпы жер аумағы 428 мың шаршы шақырым болса, соның 227 мыңнан астамы жаңа облыстың еншісіне беріледі. 1 миллион 145 мың тұрғынның 227 мыңы ұлытаулық болады. Бұл әкімшілік-аумақтық бөлініс туралы шешім қала, аудан мәслихаттарының сессиясында тақыланып, жұртшылық пікірі ескеріле отырып қабылданған.

Мысалы байырғы кеңестік кезеңдегі шекаралық бөлініс бойынша шешім қабылдау дұрыс болмайды,-дейді депутаттар. Себебі Приозерск қаласы Жезқазғаннан 1000 шақырым, ал Ақтоғай, Шет аудандарыңыз 700-800 шақырым қашықта. Сондықтан Ұлытау облысына қарасты ету еш қисынсыз болғандықтан бұл өлкелер Қарағандының аумағында қалдырылды. Бүгінгі күні шекаралық карта дайындалып, ол ғалымдардың қолдауын тапқан.

Серік Өтешов, Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы:
Сол өңірдегі халықтың сұранысы ескерілген. Бес аймақтағы әкімдері мен мәслихаттары осы бастаманы қолдайтыны жөніндегі бірлескен шешімдері шықты, ол қабылданды. Нақты айтқанда олардың барлығы біздің халқымыздың, еліміздің өмір сүру сапасын жақсартуға, жаңа құрылатын облыстың дамуына бағытталған. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу