Израильде палестиналықтардың шабуылынан 14 адам қаза тапты
Израиль полициясы Иерусалимнің Ежелгі бөлігіндегі әйгілі әл-Ақса мешітінің жанында палестиналықтармен қақтығысты. Соңғы мәліметке қарағанда, 59 палестиналық жараланған. Жанжал намаз аяқталғаннан кейін басталды. Оған Израильдің мешіт жанына қауіпсіздік күштерін көптеп шоғырландыруы себеп болса керек.
Айта кетсек, соңғы екі аптада Израильде палестиналықтардың шабуылынан 14 адам қаза тапты. Осыған байланысты еврей мемлекеті Иордан өзенінің батыс жағалауындағы елдімекендерде әскери операциялар жүргізіп, талай адамды тұтқындап, палестиналықтардың наразылығын күшейтіп отыр. «Рейтердің» хабарлауынша, бұл тайталас кең ауқымды жанжалға ұласып кетуі мүмкін деген қауіп бар.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05