Араб лигасы соғысты тоқтатуға үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Араб лигасы соғысты тоқтатуға үндеді

12.10.2023

Араб лигасы Мысыр астанасы Каирде өткен шұғыл кездесуде Израиль мен Хамасты сабырға шақырды. Бұған қоса, Израильді Газадағы соғысты тоқтатуға үндеді. Араб лигасының төрағасы Ахмед Абдул Гейт жағдай бақылаудан шығып кетуі мүмкін екенін ескертті. Ал Израильдің оңшыл бағыттағы үкіметі мен центристік оппозиция мүшелері «соғыс уақытындағы кабинет» құрды. Олар Хамасты жер бетінен жойып жіберетінін мәлімдеді. Соңғы ақпаратқа сай, Газа секторында Израильдің әуе шабуылынан қаза тапқандар саны 1100-ден асты. 5300 адам жараланған. 338 мыңнан астам тұрғын/ үйлерін тастап кетті. Ал Израильде Хамастың шабуылынан мерт болғандар саны 1200-ден асып, 2700 адам жараланды.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу