Газаның солтүстігінен 500 мыңдай тұрғын көшіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газаның солтүстігінен 500 мыңдай тұрғын көшіп кетті

16.10.2023

Газаның 500 мыңдай тұрғыны сектордың солтүстігінен көшіп кетті. Мұны Израильдің қорғаныс армиясы ЦАХАЛ мәлімдеді. Бұған дейін Израиль билігі бейбіт тұрғындардан сектордың оңтүстігіне баруды талап еткен еді. Израиль мұнда Хамасқа қарсы құрлықта операция бастайын деп жатыр. Танкілерін шекараға шоғырландырды. Шабуыл әуеден және теңізден де жасалмақ. Соңғы мәліметтерге сай, Хамастың қазанның 7-дегі шабуылынан Израильде 1400-ден астам адам қаза тапқан. Ал Газа секторында Израильдің әуе шабуылынан мерт болғандар саны 2450-ге жетті.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу