Павлодарда жоғалып кеткен зейнеткерді оқушылар зират маңынан тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда жоғалып кеткен зейнеткерді оқушылар зират маңынан тапты

15.04.2022

Іздеу жарияланған қарияны оқушылар тапты. Павлодарда егде кісінің жоғалғаны туралы хабарлама жер-жерге тараған. Іздеуге волонтерлардан бөлек жеткіншектер де өз еркімен шыққан. Бәрі көшелерді шолып, аулаларды аралап жүргенде оқушылар қалалық моланы тінтеді. Қария да сол маңдағы шұңқырға құлап, қимылсыз қалған екен. Оған дереу көмек көрсетіп, жақын маңдағы дүкеннен су алып, тамақтандырады. Ал, сатушы волонтерларға қарияның табылғанын жеткізеді. Іздеу 12 сағатқа созылған.


Хабарламаларға жазылу