Атырау облысында 52 жастағы жоғалған малшы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында 52 жастағы жоғалған малшы табылды

17.02.2023

Атырау облысына қарасты Индер ауданында із-түссіз жоғалып кеткен 52 жастағы малшы аман-есен табылды. Ол 15 ақпан күні таңертеңгілік уақытта түйемен жайылымға кеткен. Оны Төтенше жағдай қызметкерлері мен ауыл тұрғындары іздеді. 14 сағат дегенде жұмыс өз нәтижесін беріп, Өрлік елді мекенінен 30 шақырым жердегі «Аманғали» қыстағының маңынан табылды. Жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді. 

Ж.Темірғали

Хабарламаларға жазылу