Түркістанда облысында тауда адасып қалған 4 турист табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда облысында тауда адасып қалған 4 турист табылды

11.06.2021

Түркістанда облысының Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен 4 адам табылды. Шымкенттен келген отбасы «Безымянный» шыңына аттанған. Екі ер адам балаларымен бірге тауға шығып, бір күннен кейін қайтып келуі керек болған. Дер кезінде оралмаған соң жоғалғандарға іздеу жарияланды. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар және қорықшылардан үш мобильді топ құрылып, олар Сайрам-Өгем табиғи қорығының аумағын, шатқал массивтерді, тау бөктерін тегіс сүзіп өткен. Ақыры жоғалған туристерді аман есен тапты. Сондай ақ , құтқарушылар осы Сайрам-Өгем шатқалына мамырдың 21-і күні демалуға кетіп жоғалып кеткен 7 туристің екеуін әлі іздестіріп жатыр. Тікұшақ арқылы 10 мың шақырым аумақ тексерілді. 

Айнұр Ақбаева   

Хабарламаларға жазылу